Байланыс телефондары:
+7(7172) 20–44–53
batirbolat@mail.ru
» » Елімізде әлемдік деңгейдегі IT- университет ашылды!

Елімізде әлемдік деңгейдегі IT- университет ашылды!

11 июнь 2009, Четверг
856
0
Сіз ақпараттық технологиялар саласы бойынша дүниежүзілік деңгейде үздік білім беретін АҚШ-тағы Саrnеgіе МеІІоn (Кар¬неги Меллн) университетін бі¬летін боларсыз?! Ендеше, қуана беріңіз, Қазақстанда, Алматы қа¬ласында жаңағы аталған әйгілі оқу орнына балама боларлық, бітірушілеріне дәл сол Саrnеgіе МеІІоn-ның куә¬¬лігін беретін хବ¬лық¬¬аралық уни¬верситет пайда болды. Алдағы қыркүйекте бас¬¬¬талатын оқу жылында Елбасы тап¬сырмасы бойынша құрылған су жаңа уни¬верситет өзінің алғашқы сту¬денттерін оқытуды бастап кет¬пекші.
Бұл жағымды жаңалықты кеше арнайы ұйымдастырылған баспа¬сөз мәслихатында Білім және ғы¬лым министрі Жансейіт Түйме¬баев, Ақпа¬рат¬тандыру және байла¬ныс агенттігі төр¬ағасы Қуаныш Есекеев, сондай-ақ жаңа универ¬си¬тет басшылығының өкілдері жеткізді.
Жоғарыда айтқанымыздай, Ха¬лықаралық ақпараттық техно¬ло¬гиялар университетін бітіруші¬лерге «Карнеги Меллнның» серти¬фи¬каты берілмек. Яғни оның тү¬лек¬терінің мамандығы дү¬ние¬жүзі бойынша жарамды деген сөз. Бітірушілер бітіру емтихандарын өз университетімен тығыз, қоян-қолтық байланыста болатын нақ сол Карнеги Меллнға тапсыратын болады. Қашық¬тық¬тан, интернет арқылы-ақ. Оған қоса түлектерге оқу орнының негізгі, қазақ¬стан¬¬дық, мемлекеттік үлгідегі дипломы табыс етіледі. Бір сөзбен айтқанда, Қа¬зақстан, тіпті бүкіл Орталық Азия өңірі бойынша алғаш ашы¬лып отырған ІТ-университетте оқу қазақстандық білім стандартымен қатар кредиттік жүйе¬дегі амери¬ка¬лық үлгіге бағытталатын болады. Са¬бақтар қазақ, ағылшын һәм орыс тілдерінде өтеді.
Министр Жансейіт Түйме¬бае⬬тың айтуынша, Орталық Азия және Қазақ¬стан¬мен шектес өңірлер бойынша же¬текші кәсіби жоғары оқу орны ретінде танылған үшбу университетті ашудағы мақсат – Отанымыздағы ақпараттық тех¬¬ноло¬гия индустриясының аса бі¬лік¬ті, дүниежүзілік деңгейде мо¬йын¬да¬латын мамандарын даярлап шығару. Жаңа білім ордасының құрылтай¬шы¬лары – «Зерде» Ұлт¬тық ақпараттық коммуникация¬лық холдингі» АҚ пен Халық¬ара¬лық Бизнес университеті (UІВ). Соның бірі – мемлекеттік «Зерде» хол¬дингінің басқарма төрағасы Әділ¬бек Сәрсеновтің пікірінше, бүгінгі таңда ақ¬параттық техноло¬гия саласына 2000-2500-дей ма¬ман¬ға зәрулік бар. Ал біздегі ҚазҰУ тәрізді жекелеген ЖОО-лар ондай мамандарды өте шектеулі мөлшерде оқытады. Қазіргі жалпы саны – 1000-ның айналасында ғана. Әрі олардың алып шығып жатқан маман¬ды¬ғы да қажетті дәрежеде емес. Мә¬селен, аталған бағдар¬ла¬машы-маман¬дарды бейнелі түрде «құрылысшы¬лар¬ға» теңеуге болса, жаңа ІТ-университет түлектері «сәу¬леткер» деңгейіндегі маман¬дық¬ты алып шығатын болады. Әділ¬бек Ғазизұлының бол¬жауын¬ша, жаңа университеттің 5-6 жыл ішінде 7500-дей маман даярлап шығару мүм¬кіндігі бар. Оларға са¬бақтар ақпарат¬тық жүйелер, есеп¬теу техникасы, бағ¬дар¬ламалық қам¬тамасыз ету, информа¬тика және ІТ-менеджмент мамандық¬та¬ры бойынша оқытылмақ. Сонымен қатар бизнес пен индустрияның қа¬жет¬тілігіне орай озық жалпы менеджмент, экономика, кому¬ни¬ка¬тивтік дағдылар, тереңдетіл¬ген ағылшын тілі салалары ба¬ғы¬тында білім беріледі. Студенттер¬дің АҚШ-та және ІТ-өндірісі дамыған елдерде тәлімгерліктен өтуге мүм¬кін¬діктері болады. Университет ректоры Дамир Шыныбековтің айтуынша, негізгі оқу мерзімі 4 жыл. Келер жылдары қо¬сымша 2 жылдық магистрлық курстар ашы¬луы да ықтимал.
Айтқандай, биыл оқу орнына мем¬лекеттік 300 білім гранты бөлінген. Одан бірінші кезекте «Ал¬тын белгі» иегер¬лері, физика, математика және информатика бо¬йынша республикалық олимпиада жүлдегерлері, сондай-ақ ҰБТ-дан 75 һәм одан жоғары балл жина¬ғандар үміттене алады. Оған қоса абитуриент «студент» атану үшін ағылшын тілі бойынша қосымша тест және мамандық таңдау мақ¬са¬ты жө¬нінде эссе жазу сынақ¬та¬рынан сүрінбей өтуі тиіс.
 
 
Батырболат АЙТБОЛАТҰЛЫ
«Айқын» газеті, 11 маусым 2009 жыл

Талқылау
Пікір қалдыру
Пікірлер (0)
Түсініктеме
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы
"Ақпараттық-технологиялық орталығы "РМР" Қоғамдық қоры