Байланыс телефондары:
+7(7172) 20–44–53
batirbolat@mail.ru

Өмірбаян

29 июнь 2019, Суббота
421
0

Батырболат Айтболатұлы (Қабош) – ақын, әдебиетші, филология ғылымдарының кандидаты (2006), Қазақстан Жазушылар одағының (2001), Журналистер одағының мүшесі (2009). 

1972 жылы 19 тамызда Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданы Бостандық ауылында дүниеге келген.

Бостандық орта мектебінде бастауыш білім алып (1979 – 1983), Орал қаласындағы С.Сейфуллин атындағы №11 қазақ орта мектебін (1983 –1989), әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетін (1990-1995), сол оқу орнынын аспирантурасын бітірген (1997 – 2000). 

Еңбек жолын Бостандық ауылында аға шопанның көмекшісі болып бастаған (1989 – 1990). Университет бітірген соң Қазақ Ұлттық Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында кіші ғылыми қызметкер (1995 – 1997), «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясында жетекші маман (1997 – 2001);  «Арыс» баспасында ғылыми редактор (2001), «Қазақстан» ұлттық телеарнасында стилист-редактор (2001 – 2002), «Жалын» журналында бөлім меңгерушісі «Информ-А», «Глобус», т.б. бірқатар баспаларда редактор, бас редактор, директордың орынбасары (2002 – 2006) қызметтерін атқарған. «Айқын» республикалық газетінің Астана қаласындағы меншікті тілшісі, тілшілер қосынының жетекшісі болды (2006 – 2009). 

2009 жылғы қыркүйекте мемлекеттік қызметке шақырылып, ҚР Президенті Әкімшілігінде Президент Баспасөз қызметінің сарапшысы, консултанты, сектор меңгерушісі (2009 – 2017), ҚР Мемлекеттік хатшысы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды (2017 – 2019).  Бүгінде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кеңсесі басшысының хатшылығы меңгерушісінің орынбасары.

Өлеңдер топтамасы талапкер студент ақындардың «Толқыннан толқын туады» (1995) атты жыр жинағына, Халықаралық жас ақындар байқауы лауреаттарының «Өлеңдер» (1998) жинағына, «Қазақстан жас ақындарының антологиясына» (2000) енген. «Мен ғашық қыз» (1996, «Жазушы»), «Көзмоншақ» (2001, «Елорда») атты жеке жыр жинақтары жарық көрді. 

Шығармашылық жетістіктері үшін екі мәрте (1997, 1998 ж.) ҚР Президентінің стипендиаты атанды. 

ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының алғыс хатымен екі рет (2010; 2018); «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015), «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016), «Астана – 20 жыл» (2018) мерекелік медалдерімен және мемлекеттік награда – «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2018) марапатталған. 

Үйлі-баранды, 4 баласы (1 қыз, 3 ұлы) бар.


Талқылау

Сондай-ақ оқыңыз:

Пікір қалдыру
Пікірлер (0)
Түсініктеме
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы
"Ақпараттық-технологиялық орталығы "РМР" Қоғамдық қоры